2018 жылы 19 – шы сәуір күні ауданда дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында құрылған ақпараттық түсіндірме топ мүшелері Шардара қаласындағы, Шардара мектеп – лицейі, М. Горький және Б. Соқпақбаев мектебінің жоғарғы сынып оқушылар арасында «Экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет ресурстарының қауіптілігі» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуде аудан имамы А. Данияров және аудандық ішкі саясат бөлімінің нұсқаушысы Д. Байбеков дәстүрлі ислам дінінің негізгі міндеттеріне тоқталып, түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы дәстүрлі емес ағымдардың көбейуіне байланысты, кейбір жастарымыздың діни сауатының таяздығынан кереғар діни ағымдар мен секталардың алдау арбауына түсіп, олардың торынан шыға алмай жүргендер жайында мысал келтіре отырып, дін және діни ағымдар жөнінде кең көлемде ақпарат берді. Керағар діни ағымдардың қауіптілігі, әлеуметтік желілердің жастарға тигізіп отырған зияндылығы жөнінде түсіндіріп, ҚМДБ – ның сайттарынан мәлімет алуға болатынын ескертті. Сонымен қатар, қоғамымызда орын алып жатқан әр алуан мәселелер, халқымыздың салт-дәстүрлері, әдет – ғұрыптарының жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызына тоқталып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.