ОҚО Шымкент қаласы, Абай ауданы «Айтбай ата» мешітінің ұйымдастыруымен, «Ислам және отбасы» аясында «Жамағат арасындағы отбасылық Құран» атты Құран кәрімнің 30 парасын жатқа айтудан және азан шақырудан «Айтбай ата» мешітінің шәкірттері арасынан сайыс өтті. Жарысқа 30-дан астам шәкірттер қатысты. Жалпы алғанда жарыстың ұйымдастыру жұмыстары өте жоғары деңгейде болды. Берілетін сыйақылары, бірінші екінші орын алғандарға велосипет табысталды. Ал үшінші орынға мектепке арналған костюм шалбар үлестірілді. Орын алмаған үміткерлер де құр қалмады, барлығына толықтай сыйлықтар берілді. Бас жүлделерді ОҚО бас имамының бірінші орынбасары Ахметжан қажы Керімбек, ОҚО Орталық мешітінің найб имамы Мұсабек Ақтамберді арнайы келіп өз қолдарымен табыстады. Жүлделі болған шәкірттеріміз:
Ернұр Мырзахметов – 1 орын,
Нұрдәулет Төрехан – 2 орын,
Абдулла Әбдірайым – 3 орын.
Осындай игі де сауапты іс-шараның өтуіне демеушілік еткен Саухан Жүсіпбеков ағамызға Алла разы болсын. Жастарымыз Алланың қасиетті сөздерін жаттап, жүректеріне имандылық орнап әке-шешелеріне, ағайындарына, отанына тек жақсы қырларынан көрініп еңбектерін сіңдіре берсін. Сайыстан соң мешіттің алдында дастархан жайылып, келген барлық жамағатқа ас берілді. Құран оқылып ақсақалдарымыз жас шәкірттерге батасын берді.
«Айтбай ата» мешітінің баспасөз қызметі