ҚМДБ-ның ОҚО Шымкен қалалық «А.Қаттани» мешітінің ұйымдастыруымен жағдайы төмен және көп балалы отбасыларға азық-түлік және қаржылай көмек көрсетілді. Мешіттің бас имамы Б.Абдрахманов осындай қайырлы істер көп ұйымдастырылуын үнемі қадағалап отырады.
Мешіт тарапынан 40 отбасына қойдың еті қамтылған 60 пакет азық-түлік үлестірді.
Қоғамның мейірін сезініп, жүректеріне қуаныш ұялаған жандардың жанарына жасы іркіліп, жүздеріне күлкі үйірілді.
«А.Қаттани» мешітінің баспасөз қызметі