Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Өткенге құрмет – Елге құрмет» үндеуіне орай Сайрам ауданы Қайнарбұлақ округі Шіркін ауылының қабырыстанында тазалық жұмыстары өтті. Асар соңында жиналған жамағатқа құдай ас берілді. Ауыл бас имамы жамағатқа уағыз айтып, мархум болғандарды еске алып құран бағышталды.
Сайрам ауданы Орталық мешітінің баспасөз қызметі