IMG 389

IMG 389

ҚМДБ ОҚО облыстық мешітінің жанында екі апталық имамдарды кәсіби қайта даярлау және біліктілігін арттыру семинар сабақтары жүргізілуде.
ОҚО бойынша өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаев біліктілігін арттырған бітіруші имамдарға сертификат табыс етті. Өкіл имам имамдық қызметтің маңыздылығы мен жауапкершілігі жайында сөз етіп, «қазіргі заман талаптарына сай кез келген имам жамағат алдында сауатты әрі білікті маман болуы қажет. Өйткені, оқу, сауат ашу, біліктілікті арттырып отыру біздің көзімізбен қатар, көңілімізді де ашады. Білікті имам кез келген сұраққа жауап беріп, өзінің міндетін адал атқарады деп білемін» деді.
Өкіл имам сертификатты имамдарға табыстап, сәттілік тіледі.
Еске сала кетейік, ОҚО бойынша имамдарды кәсіби қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру семинар курстары осыдан екі апта бұрын басталған болатын. Алғашқы дәрісті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазрет жүргізген болатын. Жалпы курс әр екі аптада 30 имамнан оқытуды көздеп отыр. Семинар сабақтары имамдардың қазіргі таңда өзекті болған мәселелердің оңтайлы шешімін тауып, біліктіліктерін арттыруға бағытталған. Имамдарға діни сабақтармен қоса, шешендік өнері мен зайырлылық пәндері берілуі жоспарланған.

ОҚО Орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

IMG 389

IMG 389

IMG 389

IMG 389

IMG 389

IMG 389

IMG 389

IMG 389

IMG 389

IMG 389

IMG 389

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38