Бүгін, Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің Жастар ісі секторы және осы сектордың Асық ата өңірі бойынша жауапты маманы Алибеков Сакен «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ- нің Мақтарал аудандық бөлімінің мамандарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында орталық мамандары жаңадан ашылған бөлімнің жұмысымен таныстырып, алдағы уақыттарда бірлесе, ынтымақтастықта жұмыс жасауға уағдаласты. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары мен жастарға діни ағымдардан сақтану жолдары жайлы түсіндірілді. Кездесу соңында Жастар ісі секторының Асық ата өңірі бойынша жауапты маманы Алибеков Сакен ақсақалдар мен ауыл тұрғындарына, жастарына арнайы ас берді. Жиында аудандық орталық «Нұғман» мешітінің найб имамы Паташов Бауыржан, Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары үгіт- насихат жұмыстарын жасады.
Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі