Шардара ауданы «Шардара» мешітінде жұма намазына ҚМДБ – ның ОҚО бойынша найб имамы Д. Желеуов қатысып «Исра мен миғраж түні», – тақырыбында уағыз – насихат айтты. Қасиетті жұма намазынан кейін мешіт жамағатымен кездесіп, «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу» бойынша сөз қозғады. Кездесудің мақсаты – жастар арасында діни экстремизм құбылыстарының алдын алу, жастар арасында теріс ағымдардың зияны турасында насихат жұмыстарын жүргізу болды. Уақыт өткен сайын жастардың мешіттерге көптеп келетіндігін сөз еткен найб имам жастарды теріс ағымның жетегінде кетуден сақтандырды. Сондай – ақ, діни сауат ашу, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алу бойынша тек мешіт имамдарынан ғана жүгіну керектігін жеткізді.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.