Бәрімізге өте ауыр тиген Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында су тасқыны салдарынан көптеген қандастарымыз үйсіз, жайсыз қалып үлкен қайғыға душар болды. Осынау апатқа душар болған қандастарымызға көмек ретінде ОҚО өкілдігінің ұйытқы болуыменен су тасқынынан зардап шеккендерге «Аягөзге көмек» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. ОҚО облысы бойынша барлық мешіттерде жылу жинайтын пунктер ашылып жұмыс жасады. Акция аясында облыстың кез-келген тұрғыны алғашқы қажеттілік заттар мен азық-түлікті мешіттерде ашылған пунктерге өткізе алатын жағдай жасалды. ОҚО халқы бұл акцияаға өте жоғары деңгейде өз үлестерін қосып, қаржылай болсын, заттай болсын қолынан келген көмектерін аямай жеткізіп тұрды. Қайырымдылық акциясы барысында азық-түлік, кілем төсеніштер, ыдыс-аяқ, киім-кешек және қаржылай көмек заттары ОҚО орталық мешітіне топтастырылып, жалпы алғанда 17,5 тонна жүкті құрады. Жиналған көмек заттары арнайы жүк мәшинесіне тиеліп, ОҚО облыстық мешітінен Шығыс Қазақстан облысына аттанды.
ОҚО орталық мешітінің баспасөз қызметі