IMG 808

IMG 808

Бүгін ОҚО, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласында орналасқан «Қапланбек» мешітінде үлкен жиын болып өтті. Жиынға ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти Бауыржан Есмахан, ҚМДБ-ның мешіт істер бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігіт, ОҚО бойынша өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаев, өкіл имам орынбасары Бекайдар Қымбатов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Алдияр Қозыбаев, және ауданға қарасты барлық ауыл имам-молдалары қатысты. Жиында әуелгі сөзді наиб мүфти Бауыржан Есмахан жұмыс жүргізу жоспарларының орындалуы және мешіт салудың тәртібін кеңінен түсіндіріп, Ислам дінінің насихатталуын жоғары деңгейге көтеру керектігін айтты. Ал, Жәнділлә Бекжігіт мешіттер мен мешіт ғимараттары орналасқан жер телімдерінің құжаттарын реттеу мәселесін айтты. Өкіл имам Бақтыбай Қыдырбайұлы имамдардың діни сауатын көтеру, мешіт жұмыстарының сапасын арттыру деген сияқты бірқатар мәселелерді айтып өтті.

ОҚО Орталық мешітінің баспасөз қызметі

IMG 808

IMG 809

IMG 810

IMG 811

IMG 812

IMG 813

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38