Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің ұстазы М. Ханзадаевтың ұйымдастыруымен мешіт шәкірттері арасында «Білімді болудың артықшылығы», – атты тақырыпта қасиетті Құран Кәрімнің 30 – парасынан 10 сүреден Фиқһ, Сиярдан сайыс өтті. Бәсекеге түсіп бағын сынаған І-орынды Абдакимов Нұрлыбек иеленсе, ІІ-орынды Саттаров Рахматулла, ал ІІІ-орынды Мықтыбаев Абдусамад иеленді. Жүлдеге ие болған шәкірттерге аудан имамының алғыс хатымен ҚМДБ – ның сараптау комиссиясы мақұлдаған кітаптар сыйға тарту етілді.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.