Осы тақырыпта 21- ақпан 2018 жылы Қазыбек би ауылдық округі, №13 жалпы орта мектебінде 7-ші сыныптан 11-ші сынып аралығында оқушылармен және ұстаздарымен кездесу өтті. Өнегелі боларлық жиынға «Нағанай ата» мешітінің имамы Бименов Мұсабек, Дінтану пәні мұғалімі: Д. Фазалова және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ. Әжібеков қатысты. Имам М. Бименов жастардың ішінде діни теріс ағымға кірудің себебі діни сауатсыздықтың кесірінен екенін ескертіп, діни сауатты болуға шақырды. «Жиһад», «Шәһид» терминдерінің мағыналары толығымен түсіндірілді. Сонымен бірге, «Расында, мүміндер бір- біріне бауыр» деген Құран аятын оқып, мектептерде орын алатын әлімжеттілікті доғару керектігін де талқылап, айтты. Қорытынды сөз сөйлеген Қ. Әжібеков жастарға рухани азық боларлық нәр беретін сұхбат болғанын айтып, алғыс білдірді.
Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі