IMG 595

IMG 595

Асыл дінімізді насихаттау мақсатында Сарыағаш аудандық мешітінің ұйымдастырумен аудандық мәдениет үйінде «Үздік зияткер имам» тұжырымдамасы аясында «Дінге қызмет– бізге міндет» атты имамдар арасында уағыз айтудан сайыс өтті. Әуелі хақтың сөзі Құран оқумен басталды. Құранды Абай ауылы «Ешан баба» мешітінің имамы А.Садыков оқыды. Әр имамға тақырып берілді. Сайыс шартында имамның 10 минутта аят, хадис, мақал-мәтел, нақыл сөздер, риуаят, өмірден қосып, жалпы жан-жақты қамтып айтуына, сөз саптауына, тілдің тазалығына мән берілді. Уағыз сайысына 12 имам қатысты. Сайысқа Облыс бойынша өкіл имам орынбасарлары Б. Әміре, Ж.Ордабекұлы арнайы қатысты. Өкіл имам орынбасарлары Б. Әміре, Ж.Ордабекұлы, Сарыағаш медресе- коллежд директор орынбасары Н.Төребеков, аудан ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Сүлейменов, ақын Ж.Наушабеков сайысқа төрелік етті. Сарыағаш өңірінде уағызы әсерлі, сөздері көңілге қонымды, білікті имамдардың бар екенін дәлелдеп берді. Тіпті төрешілер жүлделі орындарды анықтауда қатты қиналғандығын да тілге тиек етіп өтті. Сонымен сайыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталды:

1-орынды Құркелес елдімекеніндегі «Құркелес» мешітінің имамы Д.Ниязов иеленді.
2-орынды Еңкес елдімекеніндегі «Мұсабек ата» мешітінің имамы Н.Абдумомынов иеленді.
3- орынды Қапланбек елдімекеніндегі «Құрбан қожа» мешітінің имамы А.Мейірбеков иеленді.

Жүлделі орын иелеріне арнайы сыйлықтар берілді. Уағыз сайысына қатысқан әрбір имамға облыс имамы атынан сертификат табыс етілді. Найб имам Б.Әміре облыс өкіл имамы Б. Бейсенбаевтың жамағатқа арнайы сәлемін жеткізіп, уағыз айтудың қыр-сырына тоқталып, уағыз айту асыл дініміздің негізгі құралы екенін айта келе бұл игі шара облысымызда алғаш рет жоғары деңгейде мәдениет үйінде өтіп жатқандығына тоқталып, өзгелерге үлгі болса екен деп сөзін түйіндеді. Жиналған жамағат осындай игі шараның өтуіне ұйытқы болған ауданның бас имамы Б Қалдаров пен бірқатар азаматтарға ризашылықтарын білдірді.

Сарыағаш аудандық мешітінің баспасөз қызметі

IMG 590

IMG 591

IMG 592

IMG 593

IMG 594

IMG 595

IMG 596

IMG 597

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38