Шардара ауданы Алатау батыр ауыл округі С. Кәттабеков жалпы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен «Дін имандылық негізі», – атты тақырыпта кездесуге С. Кәттабеков жалпы орта мектебінің директоры Н Каттабеков, Шардара ауданы Алатау батыр ауыл округі «Алатау батыр» мешітінің бас имамы А. Умирзаков, Шардара қаласы «Аль-Фаттаһ мешітінің бас имамы С. Шинибеков қатысты. Кездесу барысында, ауыл имамдары жастарға Ислам діні мұсылмандарды тек жеке тұлға ретінде кемелдендіріп, дамытумен қалып қоймай қоғамның тыныштығын, амандығын қамтамасыз ететін ұлы ұстанымдар сыйлаған. «Ырыс алды – ынтымақ», – деген қағиданы басты назарда ұстаған қазақ халқы ел арасындағы ынтымақ -бірлікті, татулықты ерекше бағалаған. «Ынтымақты ел озады, ынтымақсыз ел тозады», – деген деп қорытындылады. Кездесу соңында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар берілді.