Бүгін ҚМДБ «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Шымкент қаласы Сейтжан қари мешітінде ҚМДБ концептуралды құжаттарының маңызы мен мәні атты семинары өтті.
Семинарға шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы, орынбасары Мұсабек Ақтамберді, Ахметжан Керімбек, ардагер имам Бекайдар Әміре мен Дәурен Тасқараев, аудандық мешіттің бас имамы Мұхамеджан Естеміров, Ербосын Орын, Ерман Бекбауов Ербол Қалшабек Ералы Есенгелдиев, қалалық Шариғат және пәтуа бөлімінің жетекшісі Исламқұл Иманқұлұлы және мешіт имамдары мен ұстаздары қатысты. Айтулы семинарда шаһар бас имам орынбасары Мұсабек Ақтамберді ҚМДБ тарапынан қабылданған концептуалды құжаттарға шолу жасап , имамдарға ИМАМНЫҢ ЖАМАҒАТ НАМАЗЫН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ құжатын таныстырды. Семинар барысында сұрақтар қойылып, жан-жақты жауап берілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі












