Шымкент қаласы орталық «Ақмешіт» мешітінде қайырымдылық жәрмеңкесі өтті
Бүгін Шымкент қаласындағы орталық «Ақмешіт» мешітінде игі дәстүрге айналған қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау көрсету және қоғамда мейірім мен ізгілікті насихаттау болды.
Жәрмеңкеде мешіт жанындағы әйел-қыздар жамағаты қолдан әзірлеген түрлі тағамдар, тәттілер мен қолөнер бұйымдары ұсынылды. Шарадан түскен барлық қаражат әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылар мен мұқтаж жандарға үлестірілмек.
Қайырымдылық – жүректен шыққан ізгі амал. Осындай іс-шаралар арқылы қоғамда мейірім мен бірлік, бауырмалдық сынды қасиеттер нығая түсетіні сөзсіз



