Бүгін Шымкент қаласы бойынша ЖАНТ мүшесі, Әл Фараби ауданы Ислам жолы мешітінің найб имамы Жандаулет Садырбай Шымкент қаласы Әл Фараби ауданы Әбу Райхан Бируни мешітінде болып, жат ағым мүшелерімен жеке кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында деструктивті жат діни ағымдардан жастарды сақтандыру және ағымдардың алдын алу және олардың зиянды тұстары түсіндірілді. Бұл шара аудан көлемінде барлық мешітте жалғасатын болады.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі