Астана қаласында өтетін ІІ Халықаралық Құран жарысына қатысушы қарилар елордаға толық келіп жетті.

15–16 қазан күндері Республикалық Бас мешітте өтетін халықаралық жарысқа 20-дан астам мемлекет қарилары қатысады. Олардың қатарында Түркия, Сауд Арабиясы, Мысыр, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Бахрейн, Катар, Ресей Федерациясы және басқа да елдердің өкілдері бар.

ҚМДБ жанынан құрылған арнайы жұмыс тобы қонақтарды әуежайдан қарсы алу шарасын ұйымдастырып, төрешілер мен қатысушылардың келуін үйлестіруде.

Айта кетейік, ІІ Халықаралық Құран жарысы ұлттық мереке — Республика күні және ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.

Тікелей эфир сілтемесі: https://www.youtube.com/live/ssigiArbBvs  








By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38