Бүгін Шымкент қаласы Әл Фараби аудандық Ордабасы мешіті бастаған мешіттерде ҚР Президентінің Таза Қазақстан акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті.
Игі шара аясында мешіт ауласындағы ағаштарға күтім жасалып, мешіттерде тазалық шарасы жасалды. Айта кетейік, бұл бағыттағы жұмыстарға қолдау көрсеткен әкімдік және тазалық мекеме басшыларына алғыс айтып ризалық білдіреміз. Мешіт аумағындағы жасыл желек пен тұрақты тазалық сақтау аудан бас имамы Ералы Есенгелдиевтің бағалауына алынып, тұрақты назарда ұстайды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі






