Шымкент қаласы Еңбекші ауданына қарасты Исамиддин баба мешіті ұжымы мен әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен 1 қазан Халықаралық қарттар күніне орай «Қарты бар үй – қазыналы үй» атты тағылымды шара өтті.

Мерекелік басқосуда мешіттің бас имамы Орын Ербосын Бектұрсынұлы ақылдың кені, парасаттың үлгісі болған қарттарға ізгі тілектерін жеткізіп, апаларға арнайы құттықтаулар арнады.

Шара барысында «Әжелер мектебі» мүшелері белсенділік танытып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған қызықты жарыстарға қатысты. Әжелеріміз қазыналы мұра – ою-өрнектерді салып, әрбір өрнектің мән-мағынасын түсіндіріп берді. Сонымен қатар, ата-бабамыздан жеткен тарихи жәдігерлер – келі, бесік, киіз үй жабдықтары, қамшы, құрақ секілді тұрмыстық бұйымдар таныстырылып, олардың тәрбиелік мәні жас буынға кеңінен түсіндірілді.

Шараға қатысқан қонақтар дәстүр мен дін сабақтасқан тағылымды әңгімелерді тыңдап, қарттардың ақ батасына бөленді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38