Бүгін «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Шымкент қаласы бойынша өкілдігі имамдардың 2025 жылдың төртінші тоқсанында атқаратын жұмыстарына қатысты имамдар бас қосты
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, наиб имамдар Мұсабек Ақтамберді, Исламқұл Иманқұлұлы, Мұхамеджан Естеміров, Ахметжан Керімбек, Қазыбек Сарыбаев, Нұржан Қасымбек, іс басқарушы Әлжан Сәдиев, Ербол Қалшабек , Ербосын Орын, Ерман Бекбауов, Ералы Есенгелдиев және өзге де дін қызметкерлері қатысты.
Игі шара барысында Шымкент қаласы бойынша Құран секторы Ерман Бекбауов имамдарға Құран және тәжуид ілімін тереңдету қажеттілігін айрықша назар аударды
Сондай-ақ бұл бағыттағы жұмыстарды жетілдіру әрі қарай дамыту керек екендігін атап өтті.
Жиын соңында білікті маман Нұрсұлтан Мамедалиев қаридың Құран және тәжуид ілімі бойынша дәрыс тыңдап, білімдерін шыңдады.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі








