Бүгін «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Шымкент қаласы бойынша өкілдігі имамдардың 2025 жылдың төртінші тоқсанында атқаратын жұмыстарына қатысты алқалы жиын өтті.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, наиб имамдар Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, Ахметжан Керімбек, Қазыбек Сарыбаев, Нұржан Қасымбек, іс басқарушы Әлжан Сәдиев, Ербол Қалшабек , Ербосын Орын, Ерман Бекбауов, Ералы Есенгелдиев және өзге де дін қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында Шымкент қаласы бас имам орынбасары Ахметжан Керімбек Мәуліт айының бағдарламасын таныстырып өтті. Игі шарағ аясында жас бүлдіршіндерге арналған Мәуліт тәттісі қайырымдылық шарасы өтетінін хабардар етті.
Сондай-ақ басқосу барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасыда айтылған тапсырманы дер кезінде орындау қажет екендігін атап өтті.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі



