Бүгін «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Шымкент қаласы бойынша өкілдігі имамдардың 2025 жылдың төртінші тоқсанында атқаратын жұмыстарына қатысты алқалы жиын өтті.
Алқалы жиынға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, наиб имамдар Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, Ахметжан Керімбек, Қазыбек Сарыбаев, Нұржан Қасымбек, іс басқарушы Әлжан Сәдиев және өзге де дін қызметкерлері қатысты.
Басқосу барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасын жан-жақты түсіндіріп берді. Мұнымен қатар, орталық мешіттің найб имамдары діни оңалту бағыты, дін мен дәстүр, діни сауат ашу және ихсан және уағыз-насихат бағыттарының жұмыстарының атқарылатын жоспарымен таныстырды.
Сондай-ақ, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы ҚМДБ төрт бағытқа арналған сала жұмыстарын жүргізу, жат ағымдардың алдын алу, қалалық Халал даму бөлімі, діни білім жетілдіру курстары, уақып қоры, зекет және қайырымдылық, әлеуметтік желі арқылы атқарылған жұмыстарды ширату туралы нақты тапсырма берілді.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі













