Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты «Мастура қажы» мешіті мен аудандық «Зекет қайрымдылық» қорының ұйытқы болуымен “Мектепке жол” қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Қайырымдылық шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының сәлемін, Мешіт имамы Мұрат Таубайұлы жеткізіп, оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім мен ғылымның артықшылығы жайында насихат айтып, балаларды жақсы оқуға, ізденіп, білімді болуға шақырды.
Қайрымдылық акциясында көмекке зәру 50 оқушыға мектепке қажетті, мектеп формасы мен сөмкесі, дәптер, қаламы т.б. қажетті оқу құралдары табыс етілді.
Қолдау білдіріп, демеушілік танытқан барша азаматтарға Алла разы болсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз







