ҚМДБ «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданында орналасқан «Ар-Рақиб» мешітінің имамы әрі аудан бойынша «Зекет қайырымдылық» қорына жауапты Досумбаев Ержігіттің ұйымдастыруымен жетім балдар үйінде «Мәуліт» мерекелік қайрымдылық шарасы өтті.

Қайырымдылық шараға апа-әжелер мен ұстаздар және аудандағы мешіттердің имамдары қатысты.

Рухани шара барысында, мекеме басшысы, қаламыздың Бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлына ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтты.

Өз кезегінде, Досумбаев Ержігіт мүбәрак «Мәуліт» айы туралы, оның діндегі орны мен тәлім-тәрбиесі жөнінде мағлұмат бере келіп, білімде озат, ғалым болудың артықшылықтары жайлы насихаттар айтты.

Жиын соңында, шараға қатысқан балаларға мектепке қажетті киім-кешектер, аяқкиімдер, сусабын, иіссабын, тіс пастасы және тәттілер тарту етілді. Сондай-ақ, балаларға арнайы дастархан жайылып, ас берілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38