Шымкент қаласы Қаратау ауданы «Байғұт баба» мешітінде қазақ даналарының және ұлы ойшыл, ақын әрі ағартушы хәкім Абайдың 180 жылдығына орай рухына Құран бағышталды.
Рухани жиын барысында Абайдың қара сөздеріндегі терең ойлар, өмірдің мәні мен ақыреттік амалдарға көңіл бөлу қажеттілігі ерекше атап өтілді. «Ешбір нәрсені хикметсіз жаратпады, бәрінің хикметі бар, бәрінің себебі бар» деген ғибратты сөздері оқылып, Шымкент қаласы “Әйел — қыздар” сектор жетекшісі Асылханқызы Балжан ұстаздың уағызымен аяқталды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі



