Бүгін ҚМДБ -ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен ҚМДБ-ның Ізгі қоғам бағыты баясында «Қайырымды жұма» атты рухани қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі шараға шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының атынан орталық мешіттің найб имамы Мұсабек Ақтамберді, дінтанушы Мұхамеджан Естеміров, қалалық іс басқарушы Әлжан Сәдиев т.б азаматтар қатысты.
Рухани шара Қасиетті Құран оқумен басталды. Әуелгі құттықтау сөзді шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлына берілді. Бұл игі шара ҚМДБ-ның дін мен дәстүр және ізгі қоғам бағыты аясында өткізіліп жатқанын айрықша атап өтті. Шара аясында 40 отбасыға көмек берілді.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған шара соңында шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы қолдау көрсеткен кәсіпкерлерге алғыс айтып, ризалық білдірді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі




