Алла тағала адамзатты ерекше махаббатпен жаратып, сансыз нығметке бөледі. Адамның жаратылуының басты мақсаты – Ұлы жаратушыны танып-біліп, оған мінәжат қылып бас ию. Сондай-ақ дұға – ғибадат болып табылады. Ол – пенденің дәрежесін көтеретін құлшылық. Пенде неғұрлым кішірейіп дұға қылса, Ұлы Жаратушымыз да оның мәртебесін соғұрлым жоғарылатып, асқар биіктерге шығарады.
 
Осы тұрғыда өсіп келе жатқан ұрпақ өз керегін Раббысынан сұрап үйренсін деген мақсатта,  Қаратау ауданы Мухаммед Нұр мешітінің ұстазы Махира Курбанкулова ұстаздың ұйымдастыруымен шілде айында діни сауат ашу курс шәкірттерінің арасында қыздар дұға жаттау жарысы өткізілді. 
 
Жарысқа қатысқан қыздар сыйлықтармен марапатталып, көңілдері көтеріңкі күйде қайтты.
 
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38