Бүгін, ҚМДБ Шымкент қаласы өкілдігінің «Дін мен дәстүр» бағытына және жастар секторына жауапты дін қызметкерлері бірлесіп, шілденің бірінші жексенбісі — «Ұлттық домбыра» күніне орай имамдарға танымдық семинар ұйымдастырды. Семинарға Шымкент қаласы орталық мешіттің ұжымы мен қаладағы мешіттердің дін қызметкерлері қатысты. Қазақтың ұлттық аспабы домбыра туралы жан-жақты мағлұмат беру үшін шақырылған қонақтардың бірі домбырашы, дәстүрлі әнші, діни-рухани шараларды жүргізумен танымал тұлға Бекзат Сәкенұлы домбыраның шығу тарихы мен түрлері туралы кеңінен айтып берді. Келесі сөз алған домбырашы, дәстүрлі әнші, «Мәуліт» жырының қазақша мәтінін орындаумен танымалы тұлға Мәдіхан Тәжиев домбыраның құрылысы мен оны үйренудің әдіс тәсілдерін түсіндіріп берді. Семинар соңында, ұйымдастырушылар мен таңдаушылар тарапы, уақыт бөліп келген қонақтарға алғыстарын жаудырып, шығармашылық табыстар тіледі.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38