Бүгін ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына орай Шымкент орталық мешітінің ұйытқы болуымен «Рамазан сыйы» қайырымдылық шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Игі шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов,  найб имам Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров,  қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының жетекшісі Айбек Азимбаев, іс басқарушы Әлжан Сәдиев,  Жастар ісі секторының жетекшісі Әзімбек Қарабеков т.б. азаматтар қатысты.

Қайырымдылық шара барысында көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі тіркеуден тұрған 100 отбасыларға кілем, төсеніш үлестірілді.
Осы шараға қолдау көрсеткен кәсіпкерлерге Алла Тағала разы болсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38