Рамазан айы қарсаңында Шымкент қаласы Еңбекші аудандық Исамиддин баба мешіті Сакина қыз-келіншектер клубы әйелдер қауымына арнайы рухани кеш өткізді.
Әжелер мектебі төрайымы Бекжанова Қалдыгүл апамыз ақ батасымен басталған жиын, Әйел-қыздар секторы жетекшісі Балжан Досжанованың уағыз насихатымен толысты.
Рамазан айында Құранмен шұғылданудың маңыздылығы жайында клуб жетекшісі Гүлжан Сыдықова ой қозғап, қонақтар арасында сұрақ-жауап жүргізді.







