Түркістан қаласы «Фараб» ғылыми әмбебап кітапханасында ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасына орай және Астанада өткен «Қожа Ахмет Ясауи және оның рухани мұрасы» атты халықаралық конференциясы аясында Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша өкілдігі бірлесіп «Қожа Ахмет Ясауи жолы – дініміз бен діліміздің темірқазығы» атты аймақтық танымдық-рухани семинар өтті.
Аталмыш рухани семинарды дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров ашып, жүргізді. Аймақтық семинарда ҚМДБ Түркістан облысының бас имамы Ержан Сматұлы, Шымкент қаласы бас имам орынбасары Ахметжан Керімбек, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-түрік университеті Философия және теология ғылымдарының докторы, профессор Досай Кенжетай, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Ерсін Әміре, ХҚТУ-нің «Ясауитану» ғылыми-зерттеу институтының директоры (PhD) Бауыржан Сайфунов, ғалым-ясауитанушы Мұхит Төлеген мырза арнайы қатысып, ясауи мұрасына терең бойлап, жан-жақты ашып, баяндама жасады. Сондай-ақ, жоғары деңгейде ұйымдастрылған аймықтық семинар барысында Мұхамеджан Естеміровтың әзірлеумен жарық көрген «Қожа Ахмет Ясауидің даналық сөздері» кітабының тұсаукесер рәсімі жасалды.
Аймақтық семинар барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тұщымды жауап берілді. Барлық қатысушыларға дастархан жайылып, қос өкілдік тарапынан сертификат табыс етілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі