Шымкент қаласы Қаратау ауданы «Таскен» мешітінде Пайғамбарымыздың мәулітіне арнайы дастархан жайылды.

Аталған іс-шарада Шымкент қаласы, Қаратау аудандық «Байғұт баба» мешітінің Бас имамы Ербол Қалшабек мешіт жамағатын Мәуліт айымен құттықтап, қала Бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының құттықтауын жеткізді. Жиын соңында аудандық мешіттің ұстазы Шодманов Азамходжа арабша, Әзімбек Қарабек ұстаз қазақша Мәуліт жырын оқып, салауаттар айтылды.

Мерекелік іс-шараны ұйымдастырған мешіт ұжымына және өткізуге атсалысқан мешіт жамағатына Алла разы болсын! Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у)-ға сансыз салауаттар болсын деп мешіт жамағаты ерекше көңіл күймен тарқасты.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38