IMG 253

IMG 253

Бүгін, 26 тамыз 2017 жылы Мақтарал аудандық «Нұғман» мешіті, Жастар ісі бөлімі, Зекет бөлімдерінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілді. Қайырымдылыққа Мақтарал ауданы бойынша Жетісай қаласы, Мырзакент, Атакент, Асық ата өңірлерінің тұрғындары қатысты. Әрбір отбасыға сөмке (оның ішінде, қаламсап, 1 қорап қалам, сурет салу альбомы, күнделік, оқу құралдарына қажетті барша заттар т.б) және қосымша 1 қалта оқу құралдары табысталды. Жалпы, аудан көлемінде өткізілген шара бойынша 200 отбасы мектеп құрал- саймандарымен қамтылды. Сонымен қатар, Атакент қалашығы, Мақтарал ауылында орналасқан «Қанайұлы Көбей» мешіті, Нағанай ата мешіті, Абдуләкім мешіті, Найманбай ата мешіті,Мырзақұл ата мешіті, Нұр- Жетісай мешіті, Имам Бухари мешіті және тағы да басқа ҚМДБ филиалдары іс- шараға ат салысып, өңірлерде ұйымдастырды. Қазіргі таңда мектепке жол акциясы әлі де жалғасын табуда.


Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі

 

IMG 253

IMG 254

IMG 255

IMG 257

IMG 258

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38