Бүгін ҚМДБ-ның «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Шымкент қаласында орналасқан «Ықылас» қариларды дайындау орталығында Құранды толық жаттаған 22 шәкірттерімізге құрмет көрсету шарасы өтті.
Марапаттау шарасына Шымкент қаласының бас имам орынбасары, дінтанушы Мұхамеджан Естеміров, ақсақал имам Бекайдар Әмре, дінтанушы Қалиолла Маджанов, «Сейтжат қари» мешітінің имамы Ерсін Әмре, «Ықылас» қариларды дайындау орталығының директоры Ықыласхан Майлан, Кәлімжан қари Сыздықов және Алматы қаласы «Төлеби» мешітінің имамы Еркінбек Шоқай арнайы қатысып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.
Мәртебелі қонақтар барша шәкірттерге өздеріңінің ақыл-кеңестеріп айтып, сәттілік тілеп, осындай ұл-қызды тәрбиеліп өсірген ата-анасына алғыс айтып, ризалық білдірді.
Рухани шара барысында барлық қатысушыларға арнап мерекелік дастархан жайылды.
Айта кетсек, биылғы жылы «Ықылас» қариларды дайындау орталығын 6 ұл және 16 қыз-бала шәкірт Құранды толық жаттап, қари атанды. Қари атанған шәкірттерге арнайы сый-сияпатпен бірге сертификат табысталды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі