Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты қалалық Шариғат және пәтуа бөлімінің ұйытқы болуымен «Пәтуа сағаты» атты көшпелі рухани діни семинары ұйымдастырылды.
Рухани семинарға қалалық Шариғат және пәтуа бөліміне жауапты Берік Шотабеков арнайы қатысып, дәріс оқыды.
Семинар жұмысын «Шымкент» медресе колледжінің Жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Битебаев ашып, жүргізіп отырды. Сондай-ақ, ҚМДБ-ның Ғұламалар кеңесі мен Шариғат және пәтуа бөлімінің шығарған пәтуаларын алдымен өздеріміз түсініп, содан кейін, жамағатқа түсіндіру, насихаттау, жеткізу сынды мәселелерге тоқталды.
Аталмыг оқу ордасының ерлер мен қыздар бөлімінде ұйымдастырылған семинарда қалалық Шариғат және пәтуа бөліміне жауапты Берік Шотабеков ҚМДБ тарапынан жарық көрген «Пәтуалар жинағы» кітабына шолу жасап, дәріс оқыды.
Айта кетсек, ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімі тарапынан жарық көрген «Пәтуалар жинағы» кітабы аясында ай сайын тұрақты семинар дәрістер өткізілетін болып шешілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі