Бүгін Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйытқы боуымен «Шымкент» медресе-колледжінің конференц залында  ҚМДБ республикалық ақпараттық насихат тобының (РАНТ) мүшелерінің қатысуымен  кеңейтілген діни семинары ұйымдастырылды.

Семинарға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдрахманов, найб имам Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, Қазыбек Сарыбаев, «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай және аудан, қала имамдары мен ұстаздары қатысты.

Айтулы рухани танымдық семинарды Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдрахманов ашып, жүргізіп отырды. Игі шара қасиетті Құран оқумен басталды. Семинарда ҚМДБ республикалық ақпараттық насихат тобының (РАНТ) мүшелері Д.Желеуов, Н.Мамедалиев, Е.Есенгелдиевтер арнайы дәріс оқыды.

Сондай-ақ, семинарға жиналған қатысушыларға «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай мырза 2024-2025 жаңа оқу жылына талапкерлер қабылдау жұмыстары және бірқатар оқу ордасының ерекшеліктері туралы кеңінен насихат жүргізді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38