Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасына сәйкес, «Шымкент» медресе-колледжінің оқу базасында жаңадан конференц зал ғимараты ашылды.
Ашылу шарасына Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай, «Яссауи дүниесі» түркі діни кітаптарды оқыту орталығының жетекшісі, дінтанушы Мұхамеджан Естеміров, медресе ұстаздары мен студенттері қатысты.
Игі жұмысқа қаржылай қолдау көрсеткен азаматтарға «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай алғыс айтып, ризалық білдірді.
Айта кетсек, жаңадан ашылған конференц зал 200 орындық, заман талабына сәйкес жабдықталды. Онда түрлі деңгейдегі семинар-дәрістер мен конференциялар өткізуге болады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі