Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының нұсқауымен Әл-Фараби аудандық «Ордабасы» мешітінде «Зекет» қайырымдылық қорының жауапты өкілінің ұйымдастыруымен демеушілер арқылы 200 қап пияз қайырымдылыққа таратылды.
Сауапты шараға Шымкент қаласының бас имамының атынан «Ақмешіт» орталық мешіттің бірінші наиб имамы Ақтамберді Мусабек қажы арнайы қатысып, демеушілік еткен қайырымды азаматтарға береке тілеп дұға жасады. Сондай-ақ, 200 қап пиязды жетімдер үйіне, қарттар үйіне, «Шымкент» медресесіне және қаладағы аудандық мешіттерден келген өкілдерге аудандардағы мешіттерде тіркелген мұқтаж отбасыларға тарату үшін үлестірілді.
Алла Тағала мол сауаптар жазсын!
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі