Бүгін Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының арнайы көмегі Қостанай облысына келді.
Қайырымдылық шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы және қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының жетекшісі Айбек Азимбаев, іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, Жастар ісі секторы Әли Анарқұлұлы, т.б. ерікті азаматтар қатысып, тілеуілестіктерін білдірді.
Су тасқынынан зардап шеккендерге өңірлерге деп жиналған аманат жеткзілді. Яғни, бір жүк көлігі тіркемесімен азық-түлік, аяқ-киім, төсек орын, төсеніштер, киім-кешек, 3 дана моторлы қайық, құм салатын қап, күрек-саймандар, т,б, қажетті заттар жеткізілді.
Мұнымен қатар, Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы Қостанай өкілдігіне мешіт тарапынан жиналған 10 000 000 (он миллион) теңге қаржыны тапсырды. Ел аман, жұрт тыныш болсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі