Түндердің абзалы Қадір түніне орай Шымкент қаласы Еңбекші ауданы «Исамиддин баба» мешіті әйел-қыздар ұстазы Гүлжан Қонарбайқызы әйелдер жамағатына арнап “Қадір түнінің сырлары” атты рухани ауызашарын өткізді.
Игі шараға 120 қыз-келіншектер мен олардың аналары қатысты. Ауызашар барысында нәзік жандыларға Қадір түнінде орындау керек құлшылықтар және уақытты пайдалы өткізу кеңестері айтылды. Қонақ болып келген Әйел-қыздар секторы Балжан Досжановаға және қаламыздағы “Кемел дән” өнімінің басшылығына сондай-ақ ақ жаулықты аналарымызға шынайы ықыласпен алғыс айтамыз.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі