ҚМДБ-ның Шымкент қаласының Бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының тапсырмасымен Әл-Фараби аудандық «Ордабасы» мешітінің «Зекет» қайырымдылық қорының жауапты өкілінің ұйымдастыруымен 200 мұқтаж отбасына азық-түлік таратылды.
Шараға Әл-Фараби ауданының әкімі Мыңбаев Рашид Мамытұлы мен «Ордабасы» мешітінің имамы Ахметжан Керімбек қатысып, Рамазан айымен құттықтады. Сондай-ақ, сауапты іске ат салысқан жандарға рахметін жеткізіп, көмек алушыларға береке тіледі.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38