ҚМДБ Шымкент қаласы Әл-Фараби “Сәуле” мешітінде, рамазан айының құрметіне “Рамазан қоржыны” қайырымдылық шарасы өтті. Атап айтқанда әлеуметтік жағдайы төмен 40 отбасыға азық-түлік берілді. Мешіт имамы осы шараға қатысқан аналарды рамазан айы және наурыз мерекесімен құттықтап, демеушілік еткен жандарға ризалығын білдірді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі