Бүгін Шымкент орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атынан зиялы қауым өкілдеріне, ақсақалдар, ұстаз-ғалымдар, ақын-жазушылар, телеарна тілшілері, спортшылар мен жастар, әжелер мектебінің мүшелеріне ауызашар берілді. Игі шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов әлемге белгілі һәм еліміздің мақтанышы Махмұт Сабырхан, Сәкен Бибосыновтар бастаған бір топ спортшыларды қабылдады. Кездесу барысында дін мен дәстүр және ұлттық спорт т.б. салалар бойыша атқарылып жатқан жұмыстар әңгіме арқауы болды. Сондай-ақ, шаһар бас имамы спортшыларымызға ақ батасын беріп, сәттілік пен жеңіс тілеп, қасиетті Құран кітабын хадия етті.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі