Шымкент қаласы, Тұран ауданы «Сабыржан ата» мешіті имамы Сабыров Сайдирасул қалалық №1 Оңалту орталығында кездесу өткізді. Кездесу оңалтуды қажет ететін мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарымен өтті. Жүздесу «Сабырлық – асыл қасиет», «Рамазан айының қасиеті» тақырыптарында болды. Сұрақтар болып, тұзшымды жауаптар беріліп соғында бата беріліп, дұға жасалды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі