Рамазан – құран айы. Қасиетті рамазан айында Аппаз Жанбатырұлы құрметіне орай “ Сейіткәрім қажы” мешіті және “Ықылас” қарилық медресесінің ұйымдастыруымен “Сейіткәрім қажы” мешітінде шәкірттер арасында Құран жарыс болып өтті.
Жарысты Шымкент қаласы орталық “Ақ мешіт” мешітінің найб имамы Бекбауов Ерман ашып берді.
Сондай-ақ “Ықылас” қарилар медресесі ұстазы Әлішер, Кәмілжан ұстаздар әділқазылық жасап жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан жеңімпазды анықтауға атсалысты.
Шара соңында орталық “Ақ мешіт” мешітінің найб имамы Бекбауов Ерман және “Сейіткәрім қажы” мешітінің имамы Есалы Тәжібаев жеңімпаз шәкірттерге бағалы сыйлықтармен марапаттады.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38