Бүгін Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» атты қайырымдылық акциясын өткізді.
Қайрымдылық шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, Әл-Фараби аудандық мешіттің бас имамы Ахметжан қажы Керімбек, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Айбек Азимбаев, Ержігіт Мамытұлы және қатысып, қасиетті Рамазан айымен құттықтап, мұқтаж жандарға азық-түлікті үлестірді.
Игі шарада 100 отбасыға үлестірілді. Бір қорапта ұн, күріш, шәй, май, қант, тамат, макорон өкімдері, сабын, т.б. қажетті заттар қамтылды.
Айта кетсек, бүгінгі ұйымдастырылған кезекті қайырымыдылық шарасы Әл-Фараби аудандық «Ордабасы» мешітінде ұйымдастырылды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі