Шымкент қаласы Абай ауданы Ғалым Абдусаттар Сманов мешітінің әйел жамағатында ай сайын ұйымдастырылып жатқан  «Бір айда бір кітап » жобасы бойынша кітап оқу жарысы өткізіледі. Бұл жолы » Құран тағылымы » атты кітабын жамағат ықыластана оқып шығып сайысты. Сайыс соңында сұрақ-жауаппен сайысқан кимешегі ажарын ашқан апалар, ақ жаулықты аналар белсенділік көрсетіп, білімін шыңдаған алғыр топ ретінде орындарға ие болды.
  Ең бастысы қолына қасиетті кітабымыз-Құранды алып оқып жүрген аналарымыз, оның артықшылығы мен алдындағы ұстануы керек әдептерімен де таныс болып өтті.
  Аллам білімге құштар аналарымыздан еліне қызмет етер ғалымдардың дүниеге келуіне себепкер етсін. Әмин

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38