Сарыағаш ауданына қарасты барлық дерлік мешітте Қадір түні ерекше ықыласпен аталып өтілді. Сарыағаш аудандық орталық мешітінде Қадір түні алдын-ала арнайы бекітілген бағдарламаға сейкес өткізілді. Қадір түнді әуелі жамағат мешітте ауыз ашу мен бастады. Тарауих намазынан кейін Ауданның бас имамы Б.Қалдаров «Қадір түннің қасиеті» тақырыбында уағыз-насихат айтты. Соң Құркелес ауылының имамы Д.Ниязов «Рамазан айының артықшылығы» тақырыбында, Қызылту ауылының имамы Б.Байболов «Тәубенің маңыздылығы» тақырыбында, Ынтымақ ауылының имамы Т.Чаршанбеков «Құран оқудың артықшылығы» тақырыбында, Қапланбек ауылының имамы У.Раймов «Сабырлық» тақырыбында бекітілген уақыттарда уағыз-насихат жүргізді. Жамағатқа еркін құлшылық жасауларына уақыт бөлінді. Соң 400-ден астам жамағатқа сәресі берілді. Түнімен дұға тілек тілеген жамағат, таң рауандағанда тарқасты.
Сарыағаш аудандық мешітінің баспасөз қызметі