Айлардың сұлтаны болып саналатын қасиетті Рамазан айының адамзатқа рухани және әлеуметтік, медециналық жағынан пайдасы орасан. Бұл айда күндіз ораза тұтқаннан кейін, кешкісін құптан намазынан соң 20 ракат тарауих намазы оқылады. Тарауих сөзі «дем алу, демалыс» дегенді білдіреді. Оны барлық мұсылмандар топ- топ болып, жамағат болып, біргелікте оқиды.
Дәлірек айтқанда, қасиетті Рамазаның алғашқы күні Шымкент қаласы орталық мешітте ресми ашылу, құттықтау салтанаты шарасы болып өтті.
Оған шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы жиналған жамағатқа Рамазан айының қадір-қасиеттері жөінде және тарауих намазының 20 ракат оқу қажет екендігі туралы кеңінен түсіндіріп берді. Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің үндеуімен құттықтауына жеткізді.
Алла тағала Рамазан айындағы барлық жақсылықтарды нәсіп етсін.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі