Шымкент орталық мешітінде ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасында жария еткен «Ислам және дәстүр құндылығы»  жылы аясында имамдардың алғашқы мәжілісі өтті.
Мәжіліске Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, наиб имамдар Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, Қазыбек Сарыбаев, Нұржан Қасымбек, Ерман Бекбауов, іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы және өзге де дін қызметкерлері қатысты.
Мәжіліс барысында «Дін мен дәстүр», «Ізгі қоғам», «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту», «Жат ағымдардан сақтандыру» бес бағыттарына қарасты сала басшылары бекітіліп, атқарылатын жұмыстардың жоспары таныстырылды. Сондай-ақ, шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы тарапынан «Ислам және дәстүр құндылығы»  жылы аясында жұмыстарды кешенді түрде атқаруды, сала бойынша жұмыстарды ширату туралы нақты тапсырма берілді.
Мұнымен қатар, жуырда Шымкент қаласы бойынша өкілдігінде «Хадистану», «Құран курсы» және «Зағип жардарға арналған Құран оқу курсы» оқу орталықтары ашылады. 
Жиын барысында өткен жылы жоғары деңгейде қызмет атқарған аудан бас имамдары мен салаға жауапты мамандарға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти хазреттің алғыс хаты табысталды.
 
 
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38